Элгар Авеню
Қарапайым британ есепшісі Генри Перкинс жұмыстан үйіне келе жатқан бойда метрода өз дипломатын өзгемен абайсызда ауыстырып алып қомақты ақшаға тап болады, дәлірегін айтқанда «МИЛЛИОН ЖЕТІ ЖҮЗ ЕЛУ МЫҢ ФУНТ СТЕРЛИНГ!» Міне ғажап!!! Күнделікті өмірінен жалыққан қарапайым есепші үшін бұл - өмірін өзгертуге таптырмас мүмкіндік. «Бүкіл арманым орындалмақ» деді Генри. Алайда бәрі ол ойлағандай оңай бола қоймас. Бұндай қомақты ақшаның заңсыз жолмен иеленгені, тіпті қылмыстық топқа тиесілі екені айтпаса да түсінікті. Одан қорыққан Генри жоқ, өз арманына жетуге барын салмақ. Тек дипломат соңынан келетіндер Генримен келісе қояр ма екен?
Ұлпан
Өзінің бірегей болмысымен қазақ қызының қайсар мінезін, рух-жігерін тайға таңба басқандай кескіндей білген күрескер де батыл әйел – Ұлпан анамыз. Ұлпан «ерді кебенек ішінде таны» дейтін халық даналығынан туған дарқан мінез, халқының ризық-берекесін қарақан басының бақытынан артық санаған өте ақылды, дана, дегдар әйел болуымен баурайды.
Ұлпан
Қазақ әдебиетінің «Алтын қорының» төрінен өзіндік орнын ойып алар сүбелі шығармалар қатарында классик жазушы, көркем сөздің майталманы Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» атты романын айта кетсек еш жаңылмасымыз белгілі. «Ұлпан» - тарихи роман, онда бір ғана Керей-Уаққа қарасты Сибан елінің тыныс тіршілігін суреттеу арқылы сол замандағы, атап айтқанда XIX ғасырдағы жалпы қазақ елінің шежіресі мазмұндалады.
Ұлпан ерден безген, сүйіспеншіліктің отына күйіп, басқа ерді сүйгені үшін қарекет қылған, ұябұзар әйел емес. Керісінше «Ерді кебенек ішінде таны» дейтін халық даналығынан туған дарқан мінез, нағыз ерді ардақтау арқылы елдіктің іргесін бекіткен, халқының ризық-берекесін қарақан басының бақытынан артық санаған өте ақылды, дана, дегдар әйел болуымен баурайды. «Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық», «Байтал шауып бәйге алмас» деп қарайтын елде Ұлпан сияқты қайратты арулардың болмысы бағалана бермейді.
Жаңаның туғанын қаласаң,
Өткенге бір сәт көз салшы...
Шолпанның күнәсі
Әңгіменің бас кейіпкері Шолпан - әртүрлі сыртқы жағдайлардың және ішкі толқыныстардың нәтижесінде үнемі өзгеріп, дамып отыратын бейне. Шолпан - қасірет жамылған қайғылы әйел. Өзінің бақыты үшін күнделікті өмірін тәрк етіп, тәуекелге бел байлаған қайсар әйел. Шолпан, Сәрсенбай, Әзімбай араларындағы байланыста реалистік шындық, психологиялық сенім жақсы бейнеленген.
Шолпанның күнәсі - Сәрсенбайды шынайы сүйгендігі. Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген оның Сәрсенбайға деген махаббаты еді. Егер де Сәрсенбай Шолпанмен ашылып сөйлесіп, сырласып, жанына жақын тартқанда, мүмкін Шолпан ондай әрекетке бармас еді. Шолпан бала зарын бір өзі тартып, жоқты бір өзі іздеуге мәжбүр болады. Шолпан өзіне-өзі сауал қойып, сол қойылған сауалдарға өзі жауап іздейді. Сәрсенбай Шолпанға: "Мен сенен бала сұрадым ба?", - дейді. Шолпан не үшін Әзімбайды таңдады? Шолпан не себепті Сәрсенбайға іштегі сырын айтпады? Осы сынды сауалдарға жауап іздеу барысында біз Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген Сәрсенбай екендігіне көз жеткіземіз.
12 Minut (Treplev ertegisi)
200 мың жылдан кейін не болады?
Ештеңе, тек 200 мың жыл артта қалады.
Жоғалмаған мәні мен тереңі әлі
Қояды бәрі ескірмес қарт «шағаланы»…
Кукарача
Барлықтарыңызға сәлем! Сіздерге сұрағымыз бар, балалық шақтарыңыз естеріңізде барма? (Мына жақта еске түсіріңіздер). Асырсап ойнағанымыз? Бұзықтық жасағанымыз? Алғашқы махаббат? Оралмас балалық шақ...(Мына жақта еске түсіргендеріңізден, жүздеріңізге күлкі ұялау керек)
Біз грузин авторы Н.Думбадзенің «Кукарача» повестінің желісінен қойылым сахналадық. Себебі шығарманы оқып отырғанда, алдыңғы еске түсіргендеріңіздің барлығын, бізде ой елегінен өткізіп, біртүрлі дежавью кеудемізде орын алды. Өзгешелігі тек, біздің кейіпкерлердің есімдері басқа, ал қала мен тұрғындары дәл сол кітаптағыдай болатын.
Оқиға орны немесе уақыты әр түрлі болуы мүмкін: Советтік, ежелгі римдік, соғыс уақыты, осы кезең, бірақ өзгермейтін - ол адам. Қай кезең болсын, ол сол адам күйінде қала бермек және қазақтың көз жасы грузиндікінен ащтырақ емес, бала бүкіл жерде бала, махаббатта барлық уақытта махаббат күйінде қала береді...
Қойылым жайлы сіздерге түсіндірмесекте, сезіндіре білдік деп ойлаймыз. Түйіндей келе біз сахнада бұзықтық жасап, өзімізді еркін ұстап кетсек бізді кешіріңіздер (Себебі, біз жай ғана кішкентай баламыз!).
Tolqyndy Arpalys
Адам армандағанда әлем тып-тыныш тұрады. Тулап жатқан теңіз де, шулап жатқан толқын да, қайнап жатқан тірлік те, қинап жатқан адамдар да оған кедергі емес. Ол теңіз бетіндегі ырылдасқан адамдарға емес, алыстағы іңірге қарап арманының шұғыласын іздейді.
Адам армандағанда толқын құтырады. Ал адамға бәрібір... Ол толқынға қарсы жүзеді, толқынды кесіп арманына жетеді.
Жұмағым
«Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен сіз мейірім таба аласыз»
АНА деген үш ауыз сөзде қашан да мейірім мен жылылықтың шуағы бар. Ол шуақ әркімге сезіле бермейтіні анық. Біздің спектакльден кедейліктен шаршаса да бір отбасыны асырап, бақытқа жетелеуге тырысқан батыл да нәзік, аяулы, һәм аянышты ананың табиғатын көре аласыздар. Осы әлемдегі ең асыл жандар аналар болған соң, біз осы спектакльді барша аналардың құрметіне арнадық!
Шырайлы мекен
«Ауылдан адам көшкенмен,
Адамнан ауыл көшпейді…»
Көздеріңізді жұмыңыздаршы… енді ауылдарыңызды елестетіңіздер, тыныштық, көкорай, жайқалып өскен гүлдер, тып-типыл егін, барлық жан рахаты құдды сол ауылда секілді. Бірақ ауылдан кетуге асығатындар да аз емес, біз спектакльде дәл осы мәселені көтергіміз келді. Ауылда тұратын адамдар өте бақытты, олар күйбең тірлікке қажып кетпеген! Егер сіз өз ауылыңызды, туған жеріңізді сағынып жүрсеңіз онда біздің қойылымымызға міндетті түрде келіңіз. Біз сізге өзіңіздің шырайлы мекеніңізді көрсетеміз!
Жындының жазбалары
Армандары мен мақсаттары, ұмтылыстары мен сағыныштары бар өзіндік әлемінде оның жындыға айналғаны ма, әлде қоғамның есі ауысқаны ма?
Шал мен теңіз. Премьера!
Шал Гольфстримге қайығымен бір өзі ғана шығып жүрді. Міне, сексен төрт күн болды, теңізге күнде шығады, бірақ қармағына әлі де ештеңе іліккен жоқ. Бастапқы бір жарым айдай уақыт бойында бұған бір бала серік болған еді. Күн өте берді, қолға балық түспеді, содан соң баланың ата-анасы күдер үзіп, бұл шалды "жолын қырсық шалған сорлы-бейбақ" десіп, балаға енді басқа қайыққа ауыс деп әмір еткен-ді. Басқа қайыққа барғанда баланың жолы болып, серігі мен екеуі алғашқы аптаның ішінде-ақ үш ірі жайын ұстаған-ды. Шалдың жағаға күнде құр алақан оралғанын көргенде, бала оны қатты аяп, жаны ашитын; балықшының багор, гарпун секілді құрал-саймандарын, қайық үстіне құратын желкенін қарияның үйіне көтерісіп жеткізіп салу үшін ылғи алдынан шығатын-ды. Қарттың қайығының үстінде шиыршықталып жататын, он бойына кенеп жамау жапсырылған қырық сұрақ желкен - бейне тас-талқаны шыққан жасақтың құлаған туы сияқтанып елестейтін көзге.
Шинель
Театрды ұлықтайтын жандармен басымызды біріктіріп «Шинель» қойылымының режиссері Батыр Колаевты сотқа берсек пе екен? Қайдан ғана пайда болды бұл, сәбидің күлкісімен, бойы кіп-кішкентай ұсқынсыз Башмачкин? Ол өзі кім? Қыз ба, әлде ұл ма? Ол жынысқа бөлінбейді.
Бұл адамзаттың жаратушы алдындағы кейіпі. Башмачкин мен шинель арасындағы байланыс тағдыр сияқты сәзсіз, басты айналдырып, арбап, алдап, жойып жіберед. Қойылымда Акакийдің жанында жындар, елестер жүреді, мүмкін біздің бүгінгі тіршілігіміз, фантосмагориялық аспан әлеміне дейін көтеріліп, шарықтап, өзідік сиқырын көрсетіп жатқан шығар.
Дегенмен режиссердің үстінен сотқа шағымданбай тұрармыз. Спектакльді тіпті кескіндеп жатып әсеріне кіріп кетеді екенсің. Өзге дүниелік құбылысқа толы, «шинель» мистикалық көрініске айналып кетті. Мұның барлығы «Шинель» қойылымының жаңаша интерпретациясында өзіндік ерекше атмосфера құрастырады.
Кейіпкерлер мен орындаушылар
- Акаки Акакиевич Ислам Жақсылық.
- Маңызды тұлға Дулат Ташкенов.
- Шенеулік Эланар Кенжебеков, Дүйсехан Қасым, Нұрасыл Шегетай.
- Бөтке күзетшісі Думан Тұрсынжан.
- Басшы Дінмұхамед Серікұлы.
- Басшының әйелі Камшат Кабошева.
- Полицейский Әділжан Каримов, Нұрбол Асқаров.
- Маңызды тұлғаның әйелі Гулмира Әлет.
- Үй қожайыны Құртқа Мусина, Мақпал Серкебаева.
- Тігінші Нұрхан Салауатов.
- Суыр Гүлдана Асқарова.
- Күзетшілер Нұрсұлтан Төлебаев, Сүндет Асан.
- Маңызды тұлғаның қызы Зарина Амангельнова, Гулмира Әлет.
Қарапайым адам
Авторы: Бранислав Нушич /Сербия жазушысы, драматург/
Қазақшаға аударған: Алтынай Сагатова
Қоюшы режиссері: Барзу Абдураззаков /Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, режиссер/
Суретшісі: Галия Кожахметова /ҚР суретшілер одағының мүшесі/
Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 10 минут
«Қарапайым адам»
(комедия)
Құдай – ол махаббат!
Әлем – махаббат үшін жаралған.
Адам – махаббаттың туындысы.
Адам махаббатпен жаратылған және оның әлемдегі мақсаты - сүйіспеншілікті қабылдау және бөлісу.
«Қарапайым» адамдар жоқ. Құдіретті күштің ең ғажайып жаратылысы болғандықтан әрбір адам ұлы, ерекше.
Таң бозындағы әр шықтың тамшысынан әлем көрінеді, кіп-кішкентай мөлдірлікке еніп кеткен шексіз әлемнің бұл сәті сіздер үшін қарапайым құбылыс болуы мүмкін. Бірақ, күнделікті көзіміз үйренген қарапайым құбылыстан үлкен ұлылықты байқауға болады.
Дегенмен, біздің келтіріп тұрған мысалымыз қарапайым кіп-кішкентай тамшы туралы. Ал, сіздерге ұсынар қойылымымыз әдеттегіден ерекше болмақ.
Шинель
Театрды ұлықтайтын жандармен басымызды біріктіріп «Шинель» қойылымының режиссері Батыр Коллаевты сотқа берсек пе екен? Қайдан ғана пайда болды бұл, сәбидің күлкісімен, бойы кіп-кішкентай ұсқынсыз Башмачкин? Ол өзі кім? Қыз ба, әлде ұл ма? Ол жынысқа бөлінбейді. Бұл адамзаттың жаратушы алдындағы кейіпі. Башмачкин мен шинель арасындағы байланыс тағдыр сияқты сөзсіз, басты айландырып, арбап, алдап, жойып жібереді. Қойылымда Акакийдің жанында жындар, елестер жүреді, мүмкін біздің бүгінгі тіршілігіміз, фантосмагориялық аспан әлеміне дейін көтеріліп, шарықтап, өзіндік сиқырын көрсетіп жатқан шығар.
Дегенмен режиссердің үстінен сотқа шағымданбай тұрармыз. Спектакльді тіпті кескіндеп жатып әсеріне кіріп кетеді екенсің. Өзге дүниелік құбылысқа толы, «шинель» мистикалық көрініске айналып кетті. Мұның барлығы «Шинель» қойылымының жаңаша интерпретациясында өзіндік ерекше атмосфера құрастырады.
Авторы: Н.В.Гоголь
Қоюшы режиссер: Батыр Колаев
Суретші: Ахметова Ботагөз
Аудармасын жазған: Жамиль Қайратұлы
Хореограф: Косикова Шолпан
Дирижер: Марат Жакупов
Кейіпкерлер мен орындаушылар
Акаки Акакиевич – Ислам Жақсылық.
Маңызды тұлға– Дулат Ташкенов.
Шенеулік – Эланар Кенжебеков, Дүйсехан Қасым, Нұрасыл Шегетай.
Бөтке күзетшісі– Думан Тұрсынжан.
Басшы– Дінмұхамед Серікұлы.
Басшының әйелі – Камшат Кабошева.
Полицейский – Әділжан Каримов, Нұрбол Асқаров.
Маңызды тұлғаның әйелі – Гулмира Әлет.
Үй қожайыны – Құртқа Мусина, Мақпал Серкебаева.
Тігінші – Нұрхан Салауатов.
Суыр – Гүлдана Асқарова.
Күзетшілер – Нұрсұлтан Төлебаев, Сүндет Асан.
Маңызды тұлғаның қызы– Зарина Амангельнова, Гулмира Әлет.
Театр директоры: Б.Жалғасбаев /ҚР мәдениет қайраткері/
Театрдың көркемдік жетекшісі: Д.Тойбазаров /ҚР мәдениет саласының үздігі/
Жандының жазбалары
Авторы: Николай Васильевич Гоголь
Қоюшы режиссер: Адыкенов Думан Қайроллаұлы
Қоюшы суретші: Ахметова Ботагөз Ерболқызы
Дыбыс беруші: Б.Ниязов
Жарық беруші: Н.Қожахин
Киім цехының меңгерушісі: Ұ.Абілмажинова
Грим цехының меңгерушісі: С.Емелева
Аксентий Иванович Поприщин: Разиев Асылхан Талғатұлы,
ЭСТД дара төс белгісінің иегері
Қасым Дүйсехан Анарбайұлы
Аннотация
Сәбең театрында менің «жындының жазбалары» атты шығармам сахналанбақ. Ол жақта Аксентии Иванович Поприщин бірнеше айлар бойы күнделігін жазып, уақыт өте өзінің есін жоғалта бастайды. Досы, атақ-даңқы мен үлкен лауазымы жоқ кішкентай адамның қиындық туса өзіндік әлемге тығыла кететін... Өзіндік әлемінде армандары мен мақсаттары бар ұмтылыстары мен сағыныштары бар, сондықтанда осы тұста расында да оның жындыға айналғаныма, әлде қоғамның есі ауысқан ба деген сұрақ туындайды... Менің қаламымнан бастауын алған, әзіл мен сарказмға, адамның ішкі трагедиясына толы шығарманы сахнадан көре аласыздар.
Ізгі ниетпен Н.В.Гоголь
«Кішкентай адамның үлкен трагедиясы»
(қалжыңсыз комедия)
Авторы: А.Чехов
Қоюшы режиссеры: Б.Шамбетов «Мәдениет қайраткері»
Суретшісі: С.Ниязакунов
Орыстың ұлы жазушысы А.П.Чеховтың «Қорғансыз жан», «Қаскүнем», «Жуан мен жіңішкеден», «Қонақ», «Дипломат», «Ынжық» атты әңгімелерінде адамның надандығын, билік пен қарапайым шаруа санасының түйіспеуін, жағымпаздықтың жиіркенішті көрінісін, ақшаның алдында адамгершіліктің құнсыздануын, ащы шындықтан қарағанда, тәтті өтірікке құмарлығын, құлдық сананың адам бойына сіңіп кеткенін көрсетеді. Осы оқиғаларды «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» атты бір қойылымда тоғыстырған туындының көтерген тақырыбы өте ауқымды, әрі өзекті. Қалжыңсыз комедия жанрындағы қойылымда күлкілі жағдайлар көп орын алуы мүмкін, бірақ оның арғы жағында үлкен трагедия жатыр. Қойылым өмір шындығына терең бойлап, қоғам кеңістіктеріндегі әлеуметтік-философиялық тақырыпта ой қозғайды. Адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты екендігін естен шығармауы тиіс. Автор құлдық сананың тамшыларын адам бойынан сығып алудың керемет үлгісін көрсетеді. Ол заманауи эффектілерден бас тартып, бет пердесіз шынайылыққа бір қадам жақындата түседі.
Смағұл... шыңы
Смағұл және тартыс... Қылышынан қан тамған кеңес үкіметінің қаһарына қарсы шығып құрбан болған Смағұл... Ұлт болашағын қарақан басынан биік санап басы дауға қалған Смағұл... Адал асынан айырылып уланып өлген Смағұл... бойына білімнің шамшырағы дарыған, қанында тектілігі арындаған Смағұлдың шыңы қайсы? Смағұлдың ғұмырында жете алмай кеткен арманы келешекке өте керек еді, алайда кеңес күшіктерінің балағынан тартып, жағасына жармасқан голщекин әдісінің құрбаны болды. Иә, Голощекин Смағұлды өлтірген шығар, бірақ Смағұлдың рухын жеңген жоқ. Өмірде өз шыңына жете алмаған алып адамның арманы «Смағұл... шыңы» драмасында орындалады!




















