Репертуар

Сыған серенадасы

Сыған серенадасы

Ән-жаһанды шарпыған ұлы махаббаттың жалыны. Ол ғаламат ғашықтықтан туындаған сергелдең сезімнің арқауы бола білді.

Қазақ вальс королі атанған Шәмшінің жүрек шымырлатар «Сыған серенадасы» атты туындысы соның куәсі. Изольда Шәмшінің жүрек дүрсіліне орнаған ынтызар ырғақ пен сұлу әнге айналды. Жанды дауыста оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын сазды-драма көрерменді ән әлеміне алып-ұшырары анық.

Смағұл... шыңы

Смағұл... шыңы

Смағұл және тартыс... Қылышынан қан тамған кеңес үкіметінің қаһарына қарсы шығып құрбан болған Смағұл... Ұлт болашағын қарақан басынан биік санап басы дауға қалған Смағұл... Адал асынан айырылып уланып өлген Смағұл... бойына білімнің шамшырағы дарыған, қанында тектілігі арындаған Смағұлдың шыңы қайсы? Смағұлдың ғұмырында жете алмай кеткен арманы келешекке өте керек еді, алайда кеңес күшіктерінің балағынан тартып, жағасына жармасқан голщекин әдісінің құрбаны болды. Иә, Голощекин Смағұлды өлтірген шығар, бірақ Смағұлдың рухын жеңген жоқ. Өмірде өз шыңына жете алмаған алып адамның арманы «Смағұл... шыңы» драмасында орындалады!

Tolqyndy Arpalys

Tolqyndy Arpalys

Адам армандағанда әлем тып-тыныш тұрады. Тулап жатқан теңіз де, шулап жатқан толқын да, қайнап жатқан тірлік те, қинап жатқан адамдар да оған кедергі емес. Ол теңіз бетіндегі ырылдасқан адамдарға емес, алыстағы іңірге қарап арманының шұғыласын іздейді.

Адам армандағанда толқын құтырады. Ал адамға бәрібір... Ол толқынға қарсы жүзеді, толқынды кесіп арманына жетеді.

Мөлдір махаббат

Мөлдір махаббат

«Мөлдір махаббат» - Сәбит Мұқановтың ең танымал шығармаларының бірі. Романда басты кейіпкерлердің кіршіксіз махаббат желісі баяндалады. Ауылдан шыққан, оқуға ынталы, алғыр жас жігіт пен сыпайы, тәрбиелі, адамгершілігі мол қыздың арасындағы махаббат түрлі сынақтарға ұшырап, қиындықтарға тап болады. Автор бұл арқылы махаббаттың тек сезім ғана емес, үлкен рухани жауапкершілік пен адалдық екенін көрсете білді.