Skip to main content

Дәстүрім – асыл қазынам

Театр ұжымы іссапармен Есіл ауданы Николаевка ауылына барып, ауыл тұрғындарына «Дәстүрім – асыл қазынам» атты театрландырылған концерттік бағдарламасын ұсынды.

Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бұл шара көрерменге ерекше әсер сыйлап, дәстүр мен өнердің үйлесімін паш етті. Сахнада халқымыздың салт-дәстүрлері мен рухани мұрасы кеңінен көрініс тауып, көрермен қауымға тағылымды тәрбие мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әрбір қойылым мен музыкалық нөмір ұлттық болмысымыздың байлығын айшықтап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Театр ұжымы алдағы уақытта да аудандармен тығыз байланыс орнатып, ел ішіндегі мәдени шараларға белсенді қатысуды жалғастыра бермек. Біз әр мерекені халықпен бірге қарсы алып, ұлттық өнерімізді насихаттауға әрдайым дайынбыз.

IMG_1167.JPG.jpegIMG_1168.JPG.jpegIMG_1169.JPG.jpegIMG_1170.JPG.jpegIMG_1171.JPG.jpegIMG_1172.JPG.jpeg